{metadescription}
ФОТО: Қазақстандықтар Азия чемпионатында семсерлесуден жүлдегер атанды

ФОТО: Қазақстандықтар Азия чемпионатында семсерлесуден жүлдегер атанды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

ҚР ҰОК-нің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходькодан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы  аталған турнирдің ширек финалында әлем біріншілігінің қола жүлдегері жапон қыздарын ұтты.

Алайда, жартылай финалда қыздарымыз әлем кубогы кезеңдерінде жүлдегер атанып жүрген Қытайдан ұтылып қалды.

Сонымен, үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын жеңіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады.

Айта кетейік, осыған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин күміс жүлде жеңіп алған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде