{metadescription}
15 жасар жас ана нәрестесін тоңазытқышқа жасырып қойған

15 жасар жас ана нәрестесін тоңазытқышқа жасырып қойған

15 жастағы қырғыз қызы Санкт-Петербургте босанып, сәбиін тоңазытқышқа жасырып қойған.

Санкт-Петербургтагң жатақхана тұрғыны мамыр айының басында тоңазытқыштан жаңа туған нәрестені тауып алады. Ол бірден құқық қорғау органдарына хабарласып, абырой болғанда сәби де, анасы да өлімнен аман қалады.

"7 мамыр күні қалалық балалар ауруханасына үй жаңғдайында туылған азиаттық сәби келіп түсті. Оның анасы босана сала, баласын жатақхана дәлізінде тұрған тоңазытқышқа салып қояды. Аталмыш іс бойынша "адам өлтіруге ниеттену" бабымен қылмыстық іс қозғалды", - деді құқық қорғаушылар.

Баланы үй жағдайында босанған әйел медициналық көмектің болмағанынан көп қан жоғалтып, қазір аурухзанада ем қабылдап жатыр екен. Ал нәрестенің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Қазір сәбиді өз қамқолрлығына алу үшін оның әжесі, Ресей азаматшасы құжаттар жинап жүрген көрінеді. алайда оның өз баспанасы болмағандықтан, нәрестені біраз уақыт балалар үйңне орналастыру жоспарланып отыр.

Ал, жас ана толық сауығып шыққан соң, тергеу абақтысына тоғытылады екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде