{metadescription}
ВИДЕО: Тюменьде жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты

ВИДЕО: Тюменьде жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты

Жүріс бөлігінен өрт шыққандықтан Тюменьдегі «Рощино» әуежайында ұшақтан 20 адам эвакуациаланды.

Төтенше жағдай орын алғанда ұшақ ұшу жолағында тұрған. Әуе кемесі Тюмень – Ханты-Мансийск бағытына ұшуы тиіс болған.

Рейсті кейін қалдыруға тура келді. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақта бортында балалар болмаған.

Тюменьдік көлік прокуратурасының қызметкерінің айтуынша сол жақ жүріс бөлігінің артқы дөңгелегінен өрт шыққан. Содан кейін ұшқыш қайтадан тұраққа қайтып келген. Оқыс оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала болжам бойынша тежеу барысында дөңгелектен өрт тұтанған. Жолаушылар үшін қосымша әуе кемесі дайындалып жатыр, рейс 3-4 сағаттан соң ұшады» ,- дейді авиокомпанияның баспасөз хатшысы.

Видео авторы: Мир 24 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.