{metadescription}
Қарт ананы тірідей өртемек болған

Қарт ананы тірідей өртемек болған

Түн ортасында белгісіз азамат кейуананың үйіне баса-көктеп кіріп, оны тірідей өртеп жібермек болған.

Оқыс оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Түн ортасында белгісіз азамат сексеннің сеңгіріне шыққан қарт ананы үстіне жанармай құйып, тірідей өртеп жібермек болып талпынған. Жанұшыра көмек сұраған әжейдің дауысынан жанында жатқан немересі алғаш естіп, көмек көрсеткен.

Адам нанғысыз оқиға ағайын-туыс пен көрші-қолаңды аяғынан тік тұрғызған. Өткен жылы да қарт әжейдің басынан дәл осындай жағдай орын алыпты. Оқыс оқиға орын алған сәтте көпшілік бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған. Сол күні сағаттап күттірген жедел жәрдем жетіп, қарт ананы аурухана әкетіпті.

Алайда өкініштісі сол, жаны қиналған жанға алғашқы көмек көрсетудің орнына, үйлеріңе қайта беріңдер деп кеңес беріпті. Көз жасын көл еткен көпбалалы ана полиция қызметкерлері таңертең келді деп шағымын айтты.

Орын алған оқыс оқиғаны тәртіп сақшылары бақылауға алды. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ағайын-туыс тілсіз жаудың қасақана қойылғанына сенімді.

Дереккөз: otyrar.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде