{metadescription}
ФОТО: Грузияда қазақ күресінен Еуропадағы үздік палуан анықталды

ФОТО: Грузияда қазақ күресінен Еуропадағы үздік палуан анықталды

Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионаты аяқталды.

Күреске Еуропа елдерінің 80-ге жуық спортшысы қатысты. Жарыс сегіз салмақ дәрежесі, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесі бойынша өтті.

Басты күрес жергілікті уақыт бойынша түн ортасына қарай абсолютті салмақ дәрежесінен өтті. Палуандардың күресін тамашалауға футболдан әлем чемпионатында Германия немесе Швецияға жанкүйер болуға келген адамдардан әлдеқайда көп көрермен жиналды.

Аталған салмақ дәрежесінде грузиялық палуан, дзюдодан Еуропа чемпионы Гурам Тушишвили жеңімпаз атанды.

Екінші орынды болгарлық Веселин Иванов, үшінші орынды поляк Петр Томаш Талач иеленді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде