{metadescription}
ВИДЕО: Ирандық жанкүйерлер Роналдуға ұйықтауға кедергі келтірді

ВИДЕО: Ирандық жанкүйерлер Роналдуға ұйықтауға кедергі келтірді

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ирандық жанкүйерлерге қонақ үйдің жанында қатты шуламау туралы өтініш жасады. 

Басылымның жазуынша, Португалия құрамасының ойыншылары мен бапкерлерін Саранск қаласындағы құрама жайғасқан қонақ үйге ирандық жанкүйерлердің келгені қатты таңғалдырған.

Ирандық жанкүйерлердің айғай-шуы футболшыларға ұйықтауға кедергі жасаған. Роналду өз терезесінің алдына шығып, маңызды ойынның алдында дұрыс тынығып алу үшін, жанкүйерлерден тынышталуды сұраған. 

Айта кетейік, В тобындағы Иран мен Португалия құрамалары арасындағы кездесу дүйсенбі күні өтеді. Бұл топтағы Португалия мен Испания құрамаларында 4 ұпайдан болса, Иран құрамасында 3, ал Марокко құрамасында 0 ұпай. Осылайша, Иран, Испания және Португалия құрамалары әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап тұр. 

Видео авторы: Xzotion

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.