{metadescription}
Димаш Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртісі атанды

Димаш Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртісі атанды

Димаш Құдайберген Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде тағы да көш бастады.

Бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды.

«Димаш Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. Тізімде тек әншілер ғана емес, кино актерлары, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайланд және өзге де елдердің барлық жанрдағы әртістері бар», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында да Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталған болатын.

Әншіге номинация 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында, Қытайдың Шанхай қаласындағы Mercedes Benz Arena-сында табысталған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.