{metadescription}
ФОТО: Сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт қонақ үйді өртеп жіберді

ФОТО: Сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт қонақ үйді өртеп жіберді

Ғашық жігіт қонақ үйден бір нөмір жалдап, қызына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамақ болады. Алайда ойы жүзеге аспай, сегзі шырақпен жасаған жүрегі қонақ үйді өртеп жіберген.

Бөлмені әзірлеп қойған Чжан есімді қытайлық сүйіктісін қарсы алу үшін шығып кетеді. Қайтып келгенінде жетінші қабат түгелдей түтінге оранып үлгерген.

Қытайдағы Хучжоу қалалық округінің өрт сөндірушілері сегіз шамның бірі құлап кеткен деп болжайды. Құтқарушылар өртті бір сағат ішінде алауыздықтай алды, зардап шеккендер де жоқ.

Алайда сүйіктісіне ерекше тосын сый жасамақ болған жігіттің жолы болмады. Қонақ үйге 38 мың доллар көлеміндегі шығынды өтеуіне тура келді. Себебі өзі жалдаған бір бөлмемен қатар тағы сегіз бөлме өртенген.

Дереккөз: «Қамшы» 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.