{metadescription}
Мас еркек биік әткеншектен құлап кетті

Мас еркек биік әткеншектен құлап кетті

Ресейдің Иркутск қаласында мас еркек биік әткеншектен құлап кетті.

Жергілікті тұрғын селфи жаамақ болған екен. Биік аттракционға ішімдік ішіп алып отырған ер адам өзін суретке түсіремін деп төменге қарай құлап кетті. Онымен ибірге тағы да үш еркек болды, деп хабарлайды «360» телеарнасы қала әкімі Владимир Преловскийға сілтеме жасай отырып. 

Күзетілетін аттракцион аумағында төрт тәртіп бұзушы көзге түскен. Олар сол жерде отырып алып арақ ішіп, күзет қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Сөйтіп биік әткеншекке шығып алған біреуі селфи жасамақ болып құлап кеткен.

«Біреуі құлап кетті. Оны ауруханаға жеткіздік. Қазір оның халі ауыр. Оның екі досына қатысты тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды», - деді қала әкімі. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде