{metadescription}
Астанада халық биі ансамбльдерінің халықаралық фестивалі өтеді

Астанада халық биі ансамбльдерінің халықаралық фестивалі өтеді

Маусымның 29-нан шілденің 1-іне дейін Астанада еліміздің үздік би ұжымдары III «Шашу» халық биі ансамбльдерінің халықаралық фестивалі өтеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шара ҚР халық артисі, кеңестік және қазақстандық балет артисі және Зауырбек Райбаевты еске алуға арналған. Елорданың 20 жылдығына арналған шараға өзіндік стилі мен орындау техникасы қалыптасқан кәсіпқой ұжымдар қатысады.

Атап айтқанда, оралдық «Назерке», қызылордалық «Томирис», талдықорғандық «Алтынай», павлодарлық «Нұр» ансамбльдері, сондай-ақ Алтай өлкесінен келген қонақтар «Огоньки», башқұртстандық «Стерлитамдық мемлекеттік халық биі ансамблі», және т.б. қатысады.

Бұдан басқа, «Шашу» фестивалінде Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық биі ансамблі өз өнерін ортаға салады. Ұжымның көркемдік жетекшісі мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеев. Шараны Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы, елордалық филармония ұйымдастырады.

Фестиваль шымылдығы 29 маусымда сағат 19.00-де қалалық алаңда ашылады. Оған «Шалқыма» халық биі ансамблі қатысады. Келесі күні алаңда сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін қонақтар барлық ұжымдардың қатысуымен өтетін екі сағаттық «Би әлемі»концертін тамашалайды. «Шашу» фестивалі 1 шілдеде Амфитеатрда «Би шашу» гала-концертімен жабылады.   

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде