{metadescription}
Мас күйде үш айлық қызын өлтіріп, ұлын сабап тастады

Мас күйде үш айлық қызын өлтіріп, ұлын сабап тастады

Араққа сылқиа тойған әкесі үш айлық қызының басын таптап өлтіріп, ұлын сабап тастады. 

Салехард тұрғыны үш айлық қызының өлімі мен төрт жасар ұлын соққыға жыққаны үшін сот алдында жауап берді.

27 жастағы ер адам жалғыз өзі үйінде арақ ішкен. Оның әйелі жарының ішкеніне ашуланып ұрсысып далаға шығып кеткен. Жарымен ұрсыс ер адамды қатты ызаландырған. Сабасына түссін деп әйелі далаға шығып кетеді.

Ашуын балаларынан алады деп ойламаған ол екеуін үйде қалдырған. Әйелінің жоқтығын пайдаланған ер адам төрт рет қызынын басынан таптап, ұлын белдікпен сабаған,- дейді тергеушілер.

Кейін қаскөй ішімдік алу үшін дүкенге кеткен. Ал, әйелі үйіне оралған. Онда ол қызының өлі денесі мен қатты жараланған ұлын көреді.

Ер адам екі бап бойынша жауапқа тартылды. Ол бұған дейін де сотталып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.