{metadescription}
Редакцияға жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты

Редакцияға жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты

АҚШ-та Capital Gazette редакциясына жасалған шабуыл кезінде бес адам қаза тапты.

Оқиға АҚШ-тың (Мэриленд штаты) Аннаполис қаласындағы көне басылымдардың бірі - Capital Gazette бас кеңсесінде болған.  «Бес адам қаза тапқаны бізге мәлім болды. Сондай-ақ бірнеше адам ауыр жарақат алды», - деді округтік полиция. «Ол біздің редакциядағы бірнеше адамды мерт етті. Көп нәрсе жазғым келмейді, бірақ бұл бізге өте ауыр соққы болды. Ең қиыны адамдарға оқ жаудырып жатқанын үстел астында жасырынып отырып  есту еді. Тіпті ол қаруын қайта оқтап жатқаны да анық естіліп тұрды», -деп жазды журналист.

«Бес адам қаза тапты, тағы бірнешеуі ауыр жарақат алды. Оқ атқан адам ұсталып, қамалды. Одан жауап алынды», - деді полиция басқармасының басшысы Стивен Шу. Шабуыл жасалған жерде жарылғышқа ұқсас зат табылған. Стивеннің айтуынша, бұл заттың қандай құрылғы екендігіне қатысты  нақты мәлімет жоқ. Ол мұның тез тұтанатын сұйықтық құйылған ыдыс болуы мүмкін екендігін атап өтті, тіпті бензин болуы да мүмкін.


 



 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.