{metadescription}
ВИДЕО: Сирияда бейбітшілік орнағандай

ВИДЕО: Сирияда бейбітшілік орнағандай

Сирияда бейбітшілік орнағандай...

Жыл сайын өтетін гүлдер көрмесі Дамаскке қайтып оралды. Соғыстың әсерінен тоқтап қалған Сирияның Дамаск қаласындағы гүлдер көрмесі 8 жылдан соң қайта оралды. Көрме тек Сирия компанияларын ғана емес, Жапония, Болгария, Голландия, Иран және Иракты қызықтырып отыр. Олар өз өнімдерін көрсетілімге ұсынды. Қатарында-үй және бақша өсімдіктері, тағам қоспалары мен медицинада қолданылатын өсімдіктер бар.

Көрмеде кітап базары, кино,спектакль көрсетілімдері және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Көрме қауіпсіздіктің салдарынан сегіз жылға тоқтатылған. Шығыстағы Гут пен оңтүстік Дамаскіде экстремистік топтар мен билікке қарсы  топтарды жою қаланың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жақсартты. Көрменің қайта жаңғыруы көптеген жаңашылдықтардың бастауы болады.


«Жеті жылдан астам соғыс пен қиратулардан кейін гүлдер көрмесінің маңызы жоғары. Жасмин-өмірдің символы, және көрме Сирияға өмірдің келгенінің дәлелі. Дамаск адамдары бұрындары жасмин исін жақсы көретін, алайда жеті жылдық соғыс бәрін өзгертті. Қалыпқа келетінімізге әлі де сенімдіміз», - дейді Руба Гусаини есімді келуші.
Көрме сәрсенбі күні басталды және бір айға созылады

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде