{metadescription}
Академиялық ескек есушілер Азия кубогында 2 алтын медаль жеңіп алды

Академиялық ескек есушілер Азия кубогында 2 алтын медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогы өтіп жатыр.

Құрлықтағы маңызды додада қазақстандық спортшылар екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

26 маусымда басталған кубок бәсекесіне Азияның айтулы командалары жиналған.

Қазақстан құрамасының мүшесі Александра Опачанова алтын медаль жеңіп алса, жұптасып өнер көрсетуден Мария Пойда мен Алина Мочулаға тең келер ешкім болмады.

Ал ерлер арасында жұптасып сынға түскен Евгений Васильев пен Михаил Таскин қола жүлдегер атанды.

Дереккөз: SPORTINFORM

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.