{metadescription}
Ертеңнен бастап 2 млн-нан астам адамның зейнетақысы өседі

Ертеңнен бастап 2 млн-нан астам адамның зейнетақысы өседі

1 шілдеден бастап зейнеткерлерге базалық зейнетақы жаңа мөлшерде төлене бастайды.

1 шілдеден бастап базалық зейнетақының орташа мөлшері тағы 67%-ға өседі. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

Ертеңнен бастап Қазақстанда базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.

Халыққа есеп беру кездесуінде еңбек министрі осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 8%-ға, ал базалық зейнетақы 6%-ға ұлғайғанын атап өтті. 

"Шілдеден бастап базалық зейнетақының орташа мөлшері тағы 67%-ға өседі деп жоспарлап отырмыз. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруіне байланысты. Енді базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 100%-ға дейін тағайындалады. 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы өседі. Оның ішінде 1 миллионға жуық адамға базалық зейнетақы толық мөлшерде төленеді. Ал 930 мыңға тарта зейнеткер үшін зейнетақы 37%-дан 81%-ға дейін өседі", — деді Әбілқасымова халыққа есеп беру кездесуінде. 

Министр базалық зейнетақыны қайта есептеу кезінде зейнеткерлерден қосымша құжаттар талап етілмегенін айтты. 

"Қазіргі таңда министрлік барлық дайындық жұмысын аяяқтады. Еңбек өтілі кезеңдерін толығымен есепке алу үшін 2 миллионнан астам адамның зейнеткерлік ісі қайта қаралды. Осылайша 1 шілдеден бастап зейнеткерлер базалық зейнетақыны жаңа мөлшерде алатын болады", —деді ведомство басшысы. 

Әбілқасымованың айтуынша, биыл зейнетақыны өсіруге республикалық бюджеттен қосымша 386 миллиард теңге бөлінген. Ал зейнетақымен қамсыздандыруға кеткен жалпы шығын 1,9 триллион теңгені құрады.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.