{metadescription}
ФОТО: Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында 3 алтын алды

ФОТО: Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында 3 алтын алды

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден Азия кубогында Қазақстан спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

26 маусымда басталған кубок бәсекесіне Азияның айтулы командалары жиналған. Қазақстан құрамасының мүшесі Александра Опачанова алтын медаль жеңіп алса, жұптасып өнер көрсетуден Мария Пойда мен Алина Мочулаға тең келер ешкім болмады.

Ал ерлер арасында жұптасып сынға түскен Евгений Васильев пен Михаил Таскин қола жүлдегер атанды. Ал бүгін, яғни 30 маусым күні Қазақстан құрамасы төрт адамдық ескек есуден бір күміс жүлде және жекелей ескек есуден үшінші алтын жүлдені жеңіп алды.

Жекелей сында Алина Мочула алтын алса, Мария Пойда, Светлана Германович, Александра Опачанова және Виктория Чепиковалар төрт адамдық ескек есуде күміс жүлдегер атанды. Бас бапкердің айтуынша, Азия Кубогы Жазғы Азия ойындарының алдындағы ең үлкен дайындық. Осы сында отандық спортшылар мен қарсыластардың қарқыны белгілі болмақ.

«Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол біз үшін биылғы жылдың басты додасы. Азия ойындарында алтынға таласу қиын болады, себебі, Қытай ең мықты команда саналады. Десе де, біз жүлде алу үшін бар күшімізді саламыз», - дейді бас бапкер Анна Белоногова.  

Кеше

22 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.