{metadescription}
Семейлік қыз ҰБТ-дан 0 балл алып қалды

Семейлік қыз ҰБТ-дан 0 балл алып қалды

Түлек жауаптарды белгілеу кезінде пәндерді шатастырып алған.

Семейде ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде бір түлек бірде-бір балл жинай алмаған. 

Семей білім бөлімінің әдіскері Мәкия Әмірханованың айтуынша, түлек сұрақ жауаптарын белгілеу кезінде пәндерді шатастырып алған. 

"Бүкіл пәнді шатастырып алған. Мүмкін қобалжыған шығар, ол жағы белгісіз. Енді ол тамыз айында ҰБТ-ны екінші рет тапсырады. Сол кезде он бір жыл бойы алған білімін дәлелдейді деп үміттенеміз", — деді Әмірханова. 

Әмірханова техникалық қателіктен төмен балл жинаған түлектер қалалық білім бөлімінің бақылауында екенін атап өтті. 

"Жалпы биыл қалада ҰБТ тыныш өтті. Шекті ұпай жинай алмағандар да болды, әрине. Қазір олардың ата-анасы бізге хабарласып, не істеу керектігін сұрап жатыр. Тамыз айында олардың барлығы сынақты қайта тапсырады", — деді ол. 

Оның айтуынша, биыл Семейде 1415 түлек ҰБТ тапсырған. Орташа балл 84,7 балды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 82,6 балл болған.

Түлектердің 85 проценті шекті 50 балды жинады. Аудиториядан қуылған, ҰБТ нәтижесі жойылған балалар болған жоқ, деді білім бөлімінің әдіскері.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде