{metadescription}
Белгілі продюссері із-түзсіз жоғалып кетті

Белгілі продюссері із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда «Томирис» фильмінің продюссері, Анна Чакиртова із-түзсіз жоғалып кетті.

Бұл туралы Фейсбук желісінде оның достары мен әріптестері хабарлады.

Анна 2-шілде күні Қонаев-Бөгенбай көшелерінің қиылысындағы үйінен кешкі сағат 20-00-ге таман шығып кеткен.

Соңғы рет әйелдің дәріханада жүргені сағат 20-04-дер шамасында бейнекамераға түсіп қалған. Әйелдің үстінде кең қара көйлек, көзінде көзілдірік болған. Аннаның отбасы Медеу аудандық ІІБ арыз түсірді. Қазір басқармада жедел іздестіру тобы құрылды.

Анна Тоқтамысқызы Чакиртова 1976 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Кино саласының маманы, сценарист. 7 фильмге продюсерлік еткен: «Анаға апарар жол», «Рэкетир», «Қарашаңырақ» сияқты фильмдер бар. Қазір ол Sataifilm түсіріп жатқан «Томирис» фильмімен жұмыс жасап жатқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.