{metadescription}
ВИДЕО: Дәрігерлер 9 айлық баланың денесінен он ине тапты

ВИДЕО: Дәрігерлер 9 айлық баланың денесінен он ине тапты

Тәжікстандағы Ұлттық медициналық орталығының дәрігерлері 9 айлық баланың денесінен 10 ине тауып, оларды бала өзі жұтып қоюуы мүмкін емес деген қорытынды жасады.

Рентген құрылғы инелерді баланың басынан, мұрнының төменгі жағынан, аяғынан, мойнынан және кеудесінен, басқа да мүшелерінен тапқан. Кейбір инелер терең кіріп кеткендіктен, ота кезінде дәрігерлер алтауын ғана алып шықты, қалған төрт ине әлі бала денесінде.

Дәрігерлердің айтуынша, 28 маусымда тоғыз айлық Мудассир Каримовтің туыстары дәрігерлік көмек сұрап келген. Инелер бала денесінде кем дегенде үш айдан бері болған.

Орталық қызметкерлері бала инелерді өзі жұтып қоюы мүмкін емес деген қорытынды жасады.

​Мудассир Каримов - Рудаки ауданының Конституция қышлағында тұратын отбасында екінші бала. Әкесі еңбек миграциясында, анасы баламен үйде отыр. Туыстары бұл инелердің бала денесіне қалай кіріп кеткенін түсінбей әлек.

Дереккөз: centralasian.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде