{metadescription}
ФОТО: Астана күніне орай алматылықтар 20 метрлік торт жеді

ФОТО: Астана күніне орай алматылықтар 20 метрлік торт жеді

Алматылықтар Астана күнін тойлауды бастап кетті.

Астананың мерейтойының қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары тәтті торттан дәм татты. Арбатта алаңында мерекеге тарту ретінде 20 метрлік торт пен 500 кг палау ұсынылды. Дәмнен ауыз тиюге мыңдаған адам жиналды.

Сондай-ақ, мерекелік шарада Астана мен Алматы тарихынан сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды. Мұнда 9 отандық суретшінің 30-ға жуық туындысы қойылған. Олардың арасынан Астананың 10 жыл бұрынғы көріністері де орын тапты.

«Фотокөрмедегі суреттеге қарап Астананың қаншалықты өзгергеніне байқауға болады. Мен саяхаттағанды ұнатамын. Әр жылы Астанаға барып оның құлпыра түскен келбетін міндетті түрде түсіріп аламын. Содан болар, елордамыздың жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын ерекше байқаймын. Бұл көрмеде менің 5 жұмысым бар. Оларды кезінде Алматы музейіне тегін өткізген болатынмын. Еріктілердің таңдауы менің туындыларыма түскеніне қуаныштымын», - деді «Литер» газетінің фотографы Павел Михеев.

Сондай-ақ қалалықтар концерттік бағдарламаны тамашалады. Арбат сахнасында жас таланттар Астанаға құттықтау-тілегін жеткізіп, өз өнерлерін арнады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде