{metadescription}
Бүгін «7-20-25» бағдарламасы бастау алды

Бүгін «7-20-25» бағдарламасы бастау алды

Елімізде «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды.

Тіпті, Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша Астана, Алматы, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында қазірдің өзінде ипотекалық қарыз беріп үлгерген.

Ал, бағдарламаны іске асыруға екінші деңгейлі 7 банк қатысып отыр.

Серіктестікке серт берген екінші деңгейлі жеті бірдей банк алақанын ысқылап, несиеге үй беруге әзір.  Жыл соңында олардың қатары екі банкпен толығады. Баспанасы жоқ, бірақ тұрақты табысы барлар алғашқы 20 пайызын төлесе жетіп жатыр.

Қалған қарыздан 7 пайыздық өсіммен ширек ғасырда құтыласыз. Бірақ, 1 триллион теңгеге тең қарыз көлемі тұрғын үй бағасын шарықтатып жібермей ме деген сұрақ, желдей есіп тұр.

Алайда, көпшіліктің көкейінде әлі де күпті сұрақ көп. Қарызды өтеу мерзімі ширек ғасырға дейін созылатын бағдарламаның беймәлім тұстары жайында толығырақ 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.  

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде