{metadescription}
Атырау облысында көлік апатынан бір адам көз жұмды

Атырау облысында көлік апатынан бір адам көз жұмды

Атырау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тасжолында жантүршігерлік көлік апаты болды.

Атырау облысының ІІД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 7.00-де «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 788 шақырымында 27 жастағы Өзбекстан азаматы мінген «Лада Ларгус» маркалы автокөлігі аударылды.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-шы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғап, алдын ала тергеуді бастады.

ҚІЖК-нің 201 бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.