{metadescription}
Павлодарда ер адам балкон арқылы теледидар ұрлап кеткен

Павлодарда ер адам балкон арқылы теледидар ұрлап кеткен

Павлодар облысында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу нәтижесінде полицейлер 2250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады.

Бұл туралы  облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылы  2-4 шілде аралығында  өткен шараның мақсаты - Астананың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында қылмыспен күресті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу  және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

- Полицейлер Омбы қаласында  ҚК-нің 228-1-бабының 4-бөлімімен қарастырылған қылмыс жасаған Ресей Федерациясының азаматын ұстады, - деді департаментте.

- Сондай-ақ «Құқықтық тәртіп»  шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары  Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Ол пәтердің балконы арқылы  кіріп,  «Самсунг Смарт-ТВ» маркалы теледидарды ұрлаған. Аталмыш фактіге қатысты   ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған құқық бұзушылықтың ішінде  мас күйде автокөлік жүргізу бойынша - 30, шағын бұзақылық бойынша - 200, ішімдік ішу бойынша – 354, ҚР келу ережесін бұзу бойынша - 190, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген жылдам қозғалысын шамадан тыс асыру  бойынша – 161,   автокөлікті қауіпсіздік белдікті тақпай айдау бойынша – 215 және жолаушыларды заңсыз тасымалдау бойынша үш факті тіркелген. Сондай-ақ, іздеуде болған екі адам ұсталған.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде