{metadescription}
Анасы қарттар үйіне өткізбек болған ұлын атып тастаған

Анасы қарттар үйіне өткізбек болған ұлын атып тастаған

АҚШ-тың Аризона штатының тұрғыны өзін қарттар үйіне өткізбекші болған баласын атып өлтірді.

92 жастағы Анна Мэй Блессинг қылмысын бірнеше күн бойы жоспарлаған болып шықты.

72 жастағы ер адам анасымен тұру қиынға соққандықтан оған қарттар үйіне көшуге ұсыныс білдірген. Бұл сөзге анасы қатты ашуланады.

Бірнеше күн бойы арнайы дайындалған қарт ана екі тапаншаны өз қалтасына салып алған. Ұлы ұйықтап жатқанда бөлмесіне кіріп, оған бірнеше рет оқ жаудырады.

Содан кейін ұлының қасындағы құрбысын өлтірмек болған. Бірақ келіншек қарияның қолынан қаруды тартып алып үлгерген. Кейін полицияға хабар берген.

Қарт ана ұлын өлтірер алдында "Сендер менің өмірімді тартып алмақшы болсаңдар, мен сендердің жандарыңды аламын" деп айтқан.

Анна Мэй Блессинг сот алдына мүгедек арбасында отырып жауап берді.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.