{metadescription}
Іс-түссіз жоғалып кеткен балалар тірі табылды

Іс-түссіз жоғалып кеткен балалар тірі табылды

Башқұртстан полициясы үш күн бұрын үйінен шығып, жоғалып кеткен 11 жастағы қызды және 15 жасар жасөспірімді іздеп тапты.

Полицияға Иглино кентінің тұрғыны жоғалған қыздың анасы хабарласып айтқан.

Ол: «Сейсенбі күні 11 жасар қызым мен 15 жастағы танысымен бірге серуендеуге үйден шығып кеткен. Одан кейін олардан мүлде хабар жоқ», - деді.

Қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары мен еріктілер күн сайын өз аумағын кеңейтіп, іздеуді бастаған.

Полиция қызметкерлері жұма күні таңертең Иглино кентіндегі балаларды аман-есен күйінде тапты. 11 жастағы қыз ата-анасына табысталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде