{metadescription}
Теңізге ағып кеткен әйел тірі табылды

Теңізге ағып кеткен әйел тірі табылды

Таңғажайып оқиға Индонезияда орын алды.

Жарты жыл бұрын теңізге ағып кеткен әйел аман-есен табылған.

52 жастағы Нининг Сунарскихді су ағызып әкеткеннен кейін құтқару қызметі қанша іздегенімен денесін таппаған. Бірнеше апта сәтсіз іздеуден кейін, жергілікті билік құтқару жұмыстарын тоқтатқан. Сунарскихді қайтыс болды деп санаған.

Бірақ туыстары бұған сенбеген. Маусым айының соңында әйел ағасының түсіне жиі кірген. Түсінде әйелдің оларды жоғалған аралдардың бірінде күтіп жатқанын көрген. Осылайша 30 маусымда туыстары бірнеше мәрте іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тағы іздеулері нәтижесіз болады. Келесі күні таңертең олар қайтыс болған жерге қайтып оралса, жағалаудан оның ес-түссіз күйінде, сол жоғалған киімінде тапқан.

Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер әйелдің күйзеліс жағдайын бастан кешіп, көп ұзамай қалпына келеді деп сендірді.

Бүгінде тәртіп сақшылары оқиғаны зерттеу үстінде, құтқарылған әйел есін жиғаннан кейін ғана барлығы белгілі болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде