{metadescription}
Ақтөбеде ер адам кәуапқа қақалып ажал құшты

Ақтөбеде ер адам кәуапқа қақалып ажал құшты

Ақтөбе облысында кәуапқа қақалып қалған тұрғын қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Қарғалы ауданындағы Велиховка ауылында болған.

Оқиға 30 маусым күні кешкілік болған. 45 жастағы ер адам өз үйінде жеп отырған кәуабына қақалып көз жұмған. Мұны бірнеше күн жүргізілген сараптама қорытындысы  растады. Ауылдастарының айтуынша, марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Әйелі елдімекендегі аграрлық фирмада аспаз болып жұмыс істейді. Үлкен қызы Орынбор облысында оқыған, кішісі қазір ауылшаруашылық колледжінде оқиды.

Белгілісі, марқұм жергілікті  тұрғындардың малын баққан. Сейсенбі күні оны ауылдастары ақтық сапарға шығарып салды.

Дереккөз: Керек инфо

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.