{metadescription}
ВИДЕО: Бейбіт Шүменов түрік боксшысын жеңіп, WBA белдігін иеленді

ВИДЕО: Бейбіт Шүменов түрік боксшысын жеңіп, WBA белдігін иеленді

Қазақстандық белгілі боксшы Бейбіт Шүменов түрік спортшысы Хизни Алтынкайды жеңіп, бос тұрған WBA белдігіне ие болды.

Бірінші раундтағы 30 секундтық барлаудан кейін Шүменов бірден тактикасын өзгертіп, шабуылға басты.

Алайда Хизнидің қорғанысы берік болғанын айта кету керек. Алғашқы раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Бейбіт қарсыласының бүйірі тұсынан қақырата соғып, тізертеліп тастаған еді. Десе де, орнынан көтерілген түрік боксшысы оңай беріле қоймайтынын көрсетті.

Тоғызыншы раундта Алтынкай ногдаунға түсіп, төреші есеп ашты. Көрермендердің көз алдында Алтынкай үшін жеңістің ауылы алыстап бара жатқаны анық көрінген еді. Тоғызыншы раундтан кейін түрік боксшысының тарапы Алтынкайды келесі раундқа шығарудан бас тартты.

Осылайша, Бейбіт Шүменов 10-шы раундта жеңіске жетті. Айта кетсек, Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтынкайға дейін 10 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, барлығы да жеңіске жеткен болатын.

Видео авторы: Арғымақ.кз порталы
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.