{metadescription}
Әйел ұшақтың бортында босанып қалды

Әйел ұшақтың бортында босанып қалды

Қырғызстандық әйел ұшақтың бортында ұл баланы өмірге әкелді. Бұл туралы «Манас» әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Оның дерегі бойынша, 7 шілдеде «Уральские авиалиний» әуе компаниясының ұшағы «Ош - Екатеринбург» бағыты бойынша рейс жасаған.

«Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін жолаушылардың бірінің толғағы басталды. Бортсеріктер бригадасы шұғыл әрекет етіп, әйелді әуе кемесінде босандырып алды. Бәрі сәтті өтті», - делінген хабарламада.

Ұшақтың экипажы Ошқа қайта оралғаны аталып өтілген. «Ош» әуежайында жаңа босанған әйел мен сәбиді жедел жәрдем күтіп алып, оларды перзентханаға жеткізген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде