{metadescription}
Әйелдер арасындағы GGG алғаш рет жеңілді

Әйелдер арасындағы GGG алғаш рет жеңілді

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова америкалық жеңіліп көрмеген боксшы Селина Барриостан жеңіліп қалды.

Рейтингтік жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғасы болды, ол Америкадағы Техас штатында орналасқан Корпус-Кристиде өтті.

Сатыбалдинова төртінші раундта нокаутқа түсті. Аида үшін бұл бірінші жеңіліс.

Айта кетейік, Сатыбалдинова биыл 22 сәуірде мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы Тихуанада (Мексика) жекпе-жек өткізген еді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрды, оның нәтижесінде барлық төреші жеңісті Сатыбалдиноваға берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы қыз бірінші жеңісіне екінші жекпе-жекте ғана қол жеткізді. Себебі, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.

Дереккөз: Vesti.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде