{metadescription}
ФОТО: Алматыда көлік қатты жылдамдықпен жүк көлігінің астына кіріп кетті

ФОТО: Алматыда көлік қатты жылдамдықпен жүк көлігінің астына кіріп кетті

Қазір оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.

Алматыда Райымбек даңғылы мен Павленко көшесі қиылысында жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Павленко көшесіне жетпей, жүргізуші жанармай бекетіне қарай бұрыла бастайды.

Райымбек даңғылымен тура сол бағытта Daewoo Nexia бара жатқан. Неге екені белгісіз, жүргізуші бар жылдамдығымен жүк көлігінің артына соғылды.

Жол апатынан екі адам зардап шеккен: Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы. Олар көптеген жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде