{metadescription}
Кеме апатынан 45 адам көз жұмды

Кеме апатынан 45 адам көз жұмды

Таиландтың Пхукет аралында болған кеме апатынан 45 адам қайтыс болды.

Пхукет провинциясының губернаторы Норапхат Плоттхонг балықшылардың көмегінің арқасында Пхукет аралының жағасында туристік кеменің апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан үш адамның мәйіті табылғанын жеткізді. 

Қазіргі уақытқа 45 адамның өлімі расталды, із-түссіз жоғалып кеткен екі адамның қайда екені белгісіз.

Губернатордың айтуынша, адам мәйіттерінің табылған жері мен белгілері бойынша олардың батып кеткен «Феникс» кемесінің жолаушылары екені расталды.

Еске салайық, 5 шілде күні Пхукет аралында «Феникс» және «Серената» кемелері дауылға кез болған. Салдарынан қисайып кетіп, суға батып кеткен. «Фениксте» барлығы 101 адам болған.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.