{metadescription}
ФОТО: Шымкентте қарақұрт қаптап кетті

ФОТО: Шымкентте қарақұрт қаптап кетті

Шымкентте аптап ыстық басталғалы бері улы жәндік шаққан 25 адам ауруханаға түскен.

Оның ішінде бесеуі балалар. Қазір қарақұрт шаққан алты жастағы жеткіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Қарақұрттың құрбаны бола жаздағандардың бірі — Бағдат Үсенбаев. Оны далаға салынған төсегінде өрмекші шағып алған. Артынша қос иығы, кейін іші бүріп ауырған. Жедел жәрдем жеткенше есінен танып қалып, аурухана төсегінен бір-ақ шыққан.

Бағдат Үсенбаев:

«Есік алдындағы цементке киіз төсеп ұйықтап жүргенбіз. Бір қарасам төсегімде қарақұрт жыбырлап жүр екен. Бірден қызуым көтеріліп, белімнен төмен ауыра бастады.Тіпті жүре алмай қалдым. Бір ден жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға алып кетті».

Қазір қарақұрт шаққан 10 адам ауруханада емделіп жатыр. Арасында 6 жасар бала да бар. Балғын қазір жансақтау бөлімінде ем алуда. Ал соңғы екі аптаның ішінде мұндай диагнозбен 25 азамат ауруханаға түсіп, ем қабылдаған.

Асылхан Мыңбосынов, токсикология бөлімінің меңгерушісі:

«Қарақұрт шаққандардың арасында өлім жағдайы тіркелмеді. Түскен кезде науқастардың шағымы белінің ауырғаны, жүрек тұсының қысуы, қатты терлеп, аяқ қолдары қақсайды. Көбіне улы жәндік түнгі уақытта шағып алған. Әсіресе жел тұрған күндері науқастар көбейеді».

Айта кетейік, көзге оңайлықпен көріне бермейтін шағын ғана қара өрмекшілер адамды бірден шағады. Уы денеге арада бірер минут өткен соң таралып, адам қатты ауырсына бастайды. Бұдан кейін денесі тырысып, аяқ-қолдары істемей қалуы мүмкін.

Дәрігерлер жыл басынан бері осындай диагнозбен 25 адам көмекке жүгінген дейді. Ал ыстық ауа райы енді басталып отырғанын ескерсек, әсіресе ашық далада абай болған жөн деп ескертеді мамандар. Өйткені ауруханаға түскендердің басым бөлігін улы жәндік ашық далада шағып алған.

Дереккөз: otyrar.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.