{metadescription}
ФОТО: Қазақстандықтар ұшақпен ұшу бойынша рекорд жаңартты

ФОТО: Қазақстандықтар ұшақпен ұшу бойынша рекорд жаңартты

Соңғы бес ай ішінде 3 млн адам әуе тасымалы қызметін пайдаланған.

Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасы хабарлады.

Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 млн  құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 12%-ға (2,5 млн адам) артық.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр.

Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық көрсеткішке жеткен. 

Биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құраған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.