{metadescription}
ФОТО: Алматыда жол апатынан мотоциклші қаза тапты

ФОТО: Алматыда жол апатынан мотоциклші қаза тапты

Алматыда Toyota RAV4 автокөлігіне соғылған мотоциклші мерт болды.

Жол апаты Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Райымбек бойымен шығыс бағытқа бет алған мотоциклші тыйым салынған автобус жолағына түскен.

Емцов көшесімен оңтүстікке қарай жылжыған Toyota RAV 4 Райымбек даңғылының қиылысынан сол жаққа бұрылған. Сол сәтте автокөліктің алдыңғы бөлігіне мотоцикл келіп соғылған.

Қатты соққыдан мотоцикл бордюрден әрі ұшып кеткен. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі бордюрден алған соққыдан мерт болған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде