{metadescription}
Жанармай тасымалдау көлігі мен автобус соғылып 13 адам көз жұмды

Жанармай тасымалдау көлігі мен автобус соғылып 13 адам көз жұмды

Иранның батысында жанармай тасымалдаушы жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалған.

Ресми дерек бойынша 13 адам мерт болған.

Алайда құрбандар саны көп болуы мүмкін. Жергілікті блогерлердің жазуынша, отызға жуық адам көз жұмған.

Расталмаған дерек бойынша, автобуста болған 17 адам мерт болған, оның 14-і жолаушы, 2-уі жүргізуші және біреуі көмекшісі болған. Сонымен қатар сол маңда болған 15 адам да көз жұмған. Твиттерде жантүршігерлік апат орын алған жердің суреттері жарияланған.

Тasnim News Agency басылымының мәліметінше, автобус тоқтап, жолаушыларын түсіріп жатқанда қатты жүйіткіп келе жатқан жанармай тасушы көлігі оны ұрған.

Қатты соқтығыстан үлкен жарылыс болған, соның салдарынан үш көлік пен шағын жүк көлігі зардап шеккен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, апатты жағдайдың нәтижесінде 18 мың литр жанармай өртенген. Қайғылы оқиға болған өңірдің билігі үшкүндік аза тұту күнін жариялады.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.