{metadescription}
Әуе шабуылынан 50-ден астам адам қаза тапты

Әуе шабуылынан 50-ден астам адам қаза тапты

Сирияның Иракпен шекарасында коалиция әскерінің әуе шабуылынан 50-ден астам адам қаза болды.

Америкалық әскерилер өкілі коалиция әскері аталған ауданға шабуыл жасағанын растағанымен, одан қаза тапқандар саны туралы ақпарат айтпады.

Syrian Observatory for Hyman Rights ұйымы қаза тапқандардың 28-і бейбіт тұрғын, қалғаны - "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары екенін хабарлады.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сирияда исламшыл содырлармен 2014 жылдан бері күресіп келеді. Коалиция сириялық оппозициялық күштерге қолдау көрсетеді. Америкалық әскерилердің мәліметінше, 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың мамырына дейін коалиция әскерінің шабуылынан 939 бейбіт тұрғын қаза болған.

Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресей Вашингтонды Сирияда Дамаскінің келісімінсіз операция жүргізіп жатыр деп айыптайды.

Дереккөз: Baq.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде