{metadescription}
Қазақстан Азия кубогында 3 алтын алды

Қазақстан Азия кубогында 3 алтын алды

14-15 шілде күндері Гонконгта жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтті.

Азия құрлығының 17 елінен 125 жас татами шебері белдескен сында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 қола жүлдемен медаль кестесінде 2-ші орынға жайғасты. Қазақстан жастар құрамасынан жарысқа 4 спортшы қатысып, оның барлығы жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, Дамир Болатбеков (55 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг) және Бекарыс Садуақас (-100 кг) жарыс барысында қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанса, Сұңғат Жұбатқан (66 кг) ел қоржынына қола медаль салды.

Дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасының бас бапкері Арсен Хатип жастар 6 айдан кейінгі болатын Әлем Чемпионатына дайындықты бастап кеткенін айтып, пікірімен бөлісті.

Қазақстан жастар құрамасы осы уақытқа дейін Еуропа кубогтарына қатысып жүрсе, кеше Азия кубогында бақтарын сынады. Нәтижесінде, ерлер командасынан 4 дзюдошы қатысып, 4-еуі де жеңіс тұғырынан көрінді. Дамир Болатбеков, Бауыржан Нарбаев, Бекарыс Садуақас жарыс чемпионы болса, Сұңғат Жұбатқан қолаға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионаты 17-21 қазан күндері Нассауда өтеді.

Дереккөз: SPORTINFORM

 

 

 

 

 

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.