{metadescription}
Селфи жасаймын деп Қаскелең өзеніне құлап өлді

Селфи жасаймын деп Қаскелең өзеніне құлап өлді

Селфи жасаймын деп Қаскелең өзеніне құлап көз жұмды.

Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне 35 жастағы әйел ағып кетті. Оқыс оқиға 16 шілдеде, дүйсенбі күні Қаскелең қаласындағы демалыс орнындарының бірінде болды.

Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі 9-дан бастап іздеген.

«Үш сағаттан соң әйелдің денесі  құлаған жерінен алысырақ жерден табылды. Кешқұрым уақыт болғандықтан іздестіру жұмыстары ұзаққа созылды. Дене су астындағы қоқыс пен бұтақтарға шырмалып қалыпты», - деді РЖҚЖ  құтқарушы мейірбикесі Е.Клочко.

Куәгерлердің айтуынша, әйел тайғақ тастың үстіне шығып селфи жасамақ боп абайсызда өзенге құлап кеткен. 


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде