{metadescription}
Көлік қаққан 4 жасар бала әлі комада жатыр

Көлік қаққан 4 жасар бала әлі комада жатыр

Алматы дәрігерлері көлік қағып, ағаш түбіне тастап кеткен 4 жастағы баланың жағдайы туралы айтты.

Қалалық  балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддиновтың айтуынша, баланың өмірі үшін білікті дәрігерлер барын салуда.  Оның жағдайы әлі де ауыр күйінде қалып отыр. «Бала өте ауыр жағдайда түскі сағат 12:00 шамасында ауруханаға жеткізілді. Шұғыл түрде түрлі мамандардан мультидисциплинарлық команда құрылды. Соққыдан баланың самай сүйегі 4-5 жерден шытынап, сынған.   Дәрігерлер декомпрессивті трепанация отасын жасап, ұйыған қан мен сүйек жарықшақтарын тазалады. Қазір біз мидың ісінуін басуға тырысып жатырмыз. Өйткені ауыр ашық ми жарақаты кезінде ми ісінеді», - деді Дінмұхаммед Рузуддинов.

Оның айтуынша, бала әлі комадан шықпаған. «Бала әлі есін жиған жоқ. Әлі жасанды тыныс алу аппаратына қосулы. Жағдайы бірқалыпты. Баланың миы ісініп келді. Әлі ісіну клиникасы қайтқан жоқ. Оның болашағы туралы қандай да бір болжам айтуға әлі ерте», - деді маман. 

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға 16 шілде күні шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жастағы баланы көлік қағып, ағаш түбіне қалдырып кеткен.  Ата-анасы бірнеше минут өткен соң ғана баланы жүздеген метр қашықтан тауып алған. Алматы полициясы баланы соққандарды және оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр. Қазір бұл іспен Медеу аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімі айналысуда. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.