{metadescription}
ВИДЕО: Аптап ыстықта кәрізден шыққан тарақандар үйді жаулап алды

ВИДЕО: Аптап ыстықта кәрізден шыққан тарақандар үйді жаулап алды

Қазан қаласында аптап ыстықта кәрізден шыққан тарақандар үйді жаулап алды.

Гарифьянов көшесіндегі нөмір 38-ші үйдің тұрғындары подъезіне кіре алмай қалды. Өйткені кіреберісте жерде қаптап жүрген тарақандар қабырғаға өрмелеп шығып, адамдардың үстіне құлап жатыр. 

"Мұншама тарақанды өмірімде тұңғыш рет көріп тұрмын", - дейді аталмыш үйдің тұрғыны. Оның айтуынша, бұл үйдің жанында жылу қазандығы орналасқан, ол жерде адамдар құстарға тамақ беріп жүреді.

Мамандардың айтуынша, бұл тарақандар пәтерден емес, кәрізден шыққан. Жәндіктер аптап ыстыққа шыдай алмай кәрізден жоғарыға көтеріліп шығыпты. Ең ірісі 10 см-ге дейін жетеді. Және жыбырлап біршама жерді жүріп өтуге қабілетті.

Ең өкініштісі, бұл тарақандарға улы химикаттар әсер етпейді. Енді бұлардың көзін қалай жоймақшы?... 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде