{metadescription}
ВИДЕО: Мәскеуде зейнет жасын көтеруге қарсы наразылық шаралары өтті

ВИДЕО: Мәскеуде зейнет жасын көтеруге қарсы наразылық шаралары өтті

Ресейде зейнет жасын көтеруге қарсы наразылық шаралары жалғасуда.

Сәрсенбі күні Мәскеу және тағы басқа қалаларда акциялар өтті. Мәскеудегі митингі "Солшыл фронт" қозғалысының ұйымдастырушысымен келісілген. Оның үйлестірушісі - Сергей Удальцов. Сокольники саябағына наразылық қозғалысынан алыс жүздеген адамдар келді. 

Анна Барынина, Мәскеу тұрғыны:

"Ешқашан митингілерге қатысқан емеспін. Алғаш рет шығып тұрмын. Мен жүргізілетін реформаған наразылығымды білдірем. Youtube-та отырғанша, митингіге шығып өз ұстанымымыды білдіргенім дұрыс. Мен зейнет жасына қатысты реформаған қарсымын". 

Ресей билігі еркектердің зейнет жасын бес жылға - 60-тан 65 жасқа дейін, ал әйелдер жасына сегіз жыл қосып - 55-тен 63-ке дейін ұзартпақшы. Бұны тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының өсуімен және экономикалық пайдалылықпен түсіндірді. Алайда азаматтар бұл шарамен келіспеуде. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.