{metadescription}
ВИДЕО: 12 жасар қызды жеті ай бойы үйінде жұмыс істейтін 18 еркек зорлап келген

ВИДЕО: 12 жасар қызды жеті ай бойы үйінде жұмыс істейтін 18 еркек зорлап келген

Үндістанның Ченнаи қаласында 12 жасар қызды жеті ай бойы үйінде жұмыс істейтін 18 еркек зорлап келген.

18 еркек тұтқындалды. Ченнаи қаласында өткен сот күшейтілген күзет қызметімен өткізілді. Өйткені жергілікті тұрғындар оқиға жарияланған күні еркектерге жаппай шабуыл жасаған болатын, - деп хабарлайды Метро.

Тергеу болжамынша, аталмыш еркектер қызға ұйықтататын дәрі ішкізіп, оның дәрменсіз халын пайдаланып, басқа бос тұрған пәтерге апарып зорлап жүрген. Пышақ көрсетіп, егер біреуге айтсаң, видеоны жариялаймыз деп қорқытқан. Бірақ шыдамы таусылған бишара қыз өзінің әпкесіне зорланып жүргенін айтып берген. 

Айыпталушылар жәбірленуші қыз тұрған көппәтерлі үйде күзетші, жеделсатышы, сантехник болып істейді. Зорлықшыл еркектерді сабаудан тіпті адвокаттар да тартынбады. Оқиға куәгерлерінің түсіріп алған бейнематериалында еркектердің соққыдан қашып, араша іздегенін көруге болады. Оларды тұрғындар жабылып сабады.