{metadescription}
Тимур Бекмамбетов Денис Теннің жобасы бойынша фильм түсіреді

Тимур Бекмамбетов Денис Теннің жобасы бойынша фильм түсіреді

Режиссер Тимур Бекмамбетов Денис Теннің жобасы бойынша фильм түсіреді.

Режиссер спортшының жанкүйерлерінің көптеген ұсыныстары түскен соң Денис Теннің жобасына назар аударыпты. 

Бекмамбетов ТАСС агенттігіне қаза болған Олимпиада чемпионы Денис Теннің жобасын жүзеге асыратынын айтты.

— Біз міндетті түрде оның идеясын жүзеге асыруға тырысамыз. Жан-жақты талантты спортшының жеке басына арнап фильм түсіреміз, — деді режиссёр.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, чемпион Денис Тен кеше, 19 шілдеде қаскөйлерден алған жарақатының салдарынан ауруханада жатып көз жұмды

Құқыққорғау органдары Денис Теннің өліміне кінәлілерді іздестіруде. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде