{metadescription}
Медеу мұз айдынында Денис Тенге ескерткіш орнатылуы мүмкін

Медеу мұз айдынында Денис Тенге ескерткіш орнатылуы мүмкін

Қазақстандықтар Медеу мұз айдынында белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішін орнатпақ.

Қазір әлеуметтік желіде осы мақсатта краундфандинг алаңы құрылды. 

Мұндай бастаманы Алматы тұрғыны Азиза Өтегенова Фейсбук желісінде көтерді.

«Біз Денис үшін не істей аламыз? Менің қолымнан краундфандинг қорын ашу ғана келеді. Денис Алматы тарихында қалуы керек. Басқаша болуы мүмкін емес. Жүрегімізді қайғы басты. Жас. Әдемі. Талантты! Оны еске алып отыратын, мәңгілік жадымызда қалдыратын орын керек. Ол бұл құрметке лайық! Біз оны сақтап қала алмадық! Халқымыз бәріміз жабылып, Дениске Медеуде ескерткіш орнатайық!», - деді Азиза Утегенова.

Оның бұл бастамасын Медеу мұз айдынының басшылығы да қолдады. Бүгін краунфандинг алаңы ашылды. Қазақстандықтар ортақ шотқа ерікті түрде қаржы жинай бастады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00-дер шамасында болған еді. Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Кеше түскі 15:00-дер шамасында белгілі спортшы Денис Тен ауруханаға пышақ жарақатымен түскен болатын. Дәрігерлер клиникалық өліммен түскен спортшыны 2,5 сағат бойы реанимациялық шаралар жасап, аман алып қала алмады. Денис Тен көп қан жоғалту себепті көз жұмды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.