{metadescription}
ВИДЕО: Үңгірден тарихқа дейінгі жануарлардың қаңқасы табылды

ВИДЕО: Үңгірден тарихқа дейінгі жануарлардың қаңқасы табылды

Қырымның Белогор ауданында табылған үңгірде ежелгі жануарлардың қаңқасы табылды.

Бұл нағыз ежелгі зообақ, - деді палеонтологтар. Бұл жер Симферопольға жақын. Бірінші орасан зор үңгір табылды. Ал үңгірде жануарлардың қаңқасы шықты. 

 

Дмитрий Старцев, Симферополь зоологиялық музейінің қызметкері:

- Ол жерде қаңқалар үйіліп жатты. Біздің ойымызша, оны жыртқыш жануарлар әкелген, өйткені сүйектерде жыртқыштардың тісінің іздерін көрдік. 

Қаңқалар жануарлардың бірқатар тобына жатады: мамонт, мастодонт, ежелгі қой, елік, мүйізтұмсық, тіпті қорқау қастырдың да сүйегі бар. Болжам бойынша, тап осы жыртқыш аңдар бұнда шөпқоректілерді сүйретіп әкелген.

Үңгірде тағы да ғажайыптар болуы мүмкін. Әзірге оның бір км тереңдігін ғана зерттеп үлгерді. Бұл одан да терең болуы мүмкін, - дейді мамандар. 

Бұндай орасан үңгір ресейлік компания жүргізетін көлік жобасына қауіп төндіріп отыр. "Таврида" Керчіден Севастопольге дейінгі тас жолдың құны 150 миллиард рубль. Құрылыс жұмыстарын жер астынан шыққан үйгірдің салдарынан тоқтатып тастады. қазір ғалымдар алдағы жоспарларын құруда. Кейбір ғалымдар осы үңгірде музей салып, ал магистраль құрылысын басқа жаққа ауыстыруды ұсынуда.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.