{metadescription}
ВИДЕО: Мысырда жақында табылған құпия табыт ашылды

ВИДЕО: Мысырда жақында табылған құпия табыт ашылды

Александрияда табылған құпия тас табытты бүгін ресми түрде ашты.

Тас табытты бес метр етереңдікте қазу жұмыстарын жүргізіп жатқанда тауып алған болатын. Қара граниттен жасалған тас табыттың жасы шамамен екі мың жыл. Ең таң қалдырғаны, табыттың көлемі өте үлкен. Бұл небір қауесет таратты. Соның бірі: мысырлық қалаға есімі берілген Александр Македонскийдің табыты болуы мүмкін. 

Дегенмен мамандар бұл қауесетті жоққа шығарды.

Бұл Александр емес, бұл король тұқымының өкілі. Табыт аяғына дейін толық жасалып бітпеген, - дейді олар. 

Табытты ашқанда ішінен үш қарапайым адамның сүйегі шықты. Мумия ылғалдан аздап бұзылған. Археологтар қазір табылған мүрделердің тірі кезінде немен айналысқанын анықтауға кірісті. 

Қара табытта кім жерленген? Бұны енді мамандар анықтайды. Сондай-ақ адамдарды қалпына келтіреді. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.