{metadescription}
ВИДЕО: Көкшетауда экскаватор тастардың астында қалып қойды

ВИДЕО: Көкшетауда экскаватор тастардың астында қалып қойды

Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, жүргізушіні басып қалды.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Думан Дəлешов мәлім еткендей, құтқару жұмыстары 11 сағатқа жалғасты.

Оқиға бүгін таңертең, сағат 08:00 шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС ашық кенішінде орын алды. Тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, кабинаны ішіндегі жүргізушісімен бірге басып қалған.

11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан кейін 1993 жылы туған жүргізушіні кабинадан алып шығу мүмкін болды.

«Экскаваторшыны аман-есен алып шықты. Қазір оны ауруханаға алып бара жатыр», - деді Думан Дәлешов.

Оқиға орнында құтқару жұмыстарын ТЖД-ның жеке құрамындағы 13 адам мен 2 арнайы техника жəне медицина қызметкерлері жүргізді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.