{metadescription}
ФОТО: Жерлесіміз күрестен Азия чемпионатында алтын алды

ФОТО: Жерлесіміз күрестен Азия чемпионатында алтын алды

Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Отандасымыз Ирина Кузнецова алтын медальды жеңіп алды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, спортшы ширек финалда үндістандық Анша Аншаны 3:2 есебімен, жартылай финалда қытайлық Хинян Санды 5:0 есебімен тізе бүктерген.

Финалдық бәсекеде Жапония өкілі Рин Кондоны 4:1 есебімен жеңіп, құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Ирина Кузнецова ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы.

Ол 62 килограмға дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті. Азия чемпионатының қорытындыларына орай, онда Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына бұдан басқа тағы үш қола, жалпы төрт медаль салынды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде