{metadescription}
Ақтауда КВН ойыншысын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды

Ақтауда КВН ойыншысын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды

Күдіктілер Ақтау тұрғындар болып шықты, сот-медициналық сараптама тағайындалды

Маңғыстау облысының полицейлері Ақтөбенің КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. 

"Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үш күдікті ұсталды, үшеуі де Ақтау тұрғындары. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Ақтауда 21 шілдеге қараған түні 32 жастағы Әлімбаевты аяғынан пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ол аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізіледі, бірақ дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. 

Данияр Әлімбаев Ақтөбенің КВН командасының құрамында ойнаған. Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. 

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде